Мекеме қызметі 4 жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сонымен қатар ақыл-ой және дене дамуында ақаулықтар кездесетін балаларға медициналық көмек көрсету болып табылады
Мемлекеттік лицензия бойынша:
Мекеме қызметінің мәні жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сонымен қатар ақыл-ой және дене дамуында ақаулықтар кездесетін балаларға медициналық және реабилиталогиялық, массаж, физиотерапиялық көмек;
Алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету;
Кеңестік-диагностикалық медициналық көмек көрсету;
Жалпы педиатрия, невропатология
Бөбектер үйі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға, жалғызбасты аналардың балаларына немесе ата-аналық құқықтан айырылған ата-аналардың балаларына, сондай-ақ ақыл-ойы мен дене кемістігі бар балаларды тәрбиелеуге және оларға көмек көрсетуге арналған мекеме.
Бөбектер үйінде туылғаннан бастап 4 жасқа дейінгі жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін тәрбиеге қолайлы жағдайлар жасалған.
Балаларды қабылдау білім беру (қамқоршылық пен қорғаншылық) органдарының бағытында және Денсаулық сақтау басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
2002 жылы Мамандандырылған бөбектер үйінде Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастауымен жетімдікті алдын-алу және тастанды балалардың санын азайту мақсатында «Үміт» тобы ашылды.
Онда некесіз туылған, жас жалғызбасты аналардың тұңғыш балалары және қиын өмірлік жағдайына түскен ата-аналардың балаларын бір жыл мерзімге өз өтініштері негізінде тәрбиеленеді.
Баланың болу ұзақтығы туралы келісім ата-анасымен немесе оларды алмастыратын адамдармен жасалады. Анасы баланы кез-келген уақытта қайтарып алуға құқылы.
Бөбектер үйінен шыққан балаларды ата-аналарына қайтаруға, балалар үйіне, әлеуметтік қызмет көрсету орталығына сондай-ақ қамқоршылық пен қорғаншылыққа және асырап алуға беріледі.
Бөбектер үйінде қазіргі таңда 30 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде:
2 – Жетім бала
5 – бас тартқандар
5 – уақытша «Үміт» тобы (қиын өмірлік жағдайға түскендер)
18 - ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
